Ауғанстандағы ахуал: БҰҰ шұғыл мәжілістен кейін мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
1715

Ауғанстандағы оқиғаға байланысты жабық есік жағдайында өткен шұғыл мәжілістен кейін Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері БАҚ үшін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Онда Ауғанстандағы қақтығыстар мен зорлық -зомбылықты тез арада тоқтату, конституциялық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру, ұлттық татуласуға қол жеткізу және келіссөздер арқылы шұғыл жаңа үкіметті құруға шақырған.

Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ мен оның гуманитарлық серіктестеріне мұқтаж адамдарға көмек көрсету мүмкіндігін беру, сондай-ақ гуманитарлық қызметкерлердің, дәрігерлер мен аудармашылардың қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеді. Халықаралық гуманитарлық құқықты бұзғандар жауап беруі тиіс. 

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ауғанстан аумағын басқа елдерге қауіп төндіретін лаңкестердің алаңы ретінде пайдалануға болмайтындығын атап өтті.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...