Түркиядағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 4-курс студенті Бексұлтан Айтен курьерлердің қыз...
Коронавирус қайтадан өрши ме: министр жауап берді
KAZ.NUR.KZ
Денсаулық сақтау миүистрі Ақмарал Әлназарова бірлескен палаталар отырысында айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
“Коронавирус инфекциясымен байланысты бүгінгі ахуал туралы айтсақ, тоғыз адам коронавирус инфекциясымен ауруханаға жатқызылды. Жыл басынан бері қайғылы жайтпен аяқталған жағдай тіркелген жоқ”, - деді министр.
Бірақ коронавирус жұқтырғандар тіркеліп жатқанын жасырмады.
“Иә, ауырғандар тіркеліп жатыр. Бірақ жалпы жағдай қалыпты қалыпты шекте. Бірақ дайындықсыз отыра алмаймыз. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі, бас санитар дәрігер тиісті шаралар қабылдады. Біз медицина ұйымдарының қызметкерлерінің арасында күшейтілген маска режимін енгіздік. Өйткені бірінші кезекте медициналық қызметкерлердің өзін қорғауымыз керек”, - деді Ақмарал Әлназарова.