Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткіздіАҚШ-тың Лос-Андже...
Нұрқанат Серікбаев Сметов күресетін салмақта өнер көрсеткісі келмей жүр
Сурет: ҰОК
430
Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионы, Тбилисидегі Grand Slam турнирінің жеңімпазы Нұрқанат Серікбаев салмақ ауыстыруға қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz.
Нұрқанат Серікбаев қазан айында Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при турнирінде 66 келі салмақта сынға түседі.
«Салмағымды уақытша ауыстырдым. Тек белгілі бір жарыстарда ғана 66 келіде күресемін деп шештім. Бірақ нақты шешім қабылдағаным жоқ. 60 келіден түбегейлі кетіп қалдым деп айтпаймын. Әлі белгісіз. Уақыт өте келе көрерміз», — деді Нұрқанат.
Еске салайық, 60 келі салмақта Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов саналады.