ТолстойЖүз елу жыл. Қуыс өзек жанға көп көрінетін бір жарым ғасыр былайғы ғалам үшін бар болғаны қас...
МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА! МҮШӘЙРА!
«СЫРЫМ ЖОРТҚАН САРЫ ДАЛА…» Республика ақындарының жабық конкурсы

(Сырым Датұлы бастаған Ұлт-азаттық көтерілісіне 235 жыл)
Атырау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма сы ның қолдауымен жарияланып отырған жабық конкурсының шарт тары:
1. Конкурсқа 40 жасқа дейінгі ақындар қатысады;
2. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан алған атағы бар ақындар қатыса алмайды;
3. Өлең 10 шумақтан аспауы тиіс;
4. Шығарма жасырын атпен Agatai_2005@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі. Бөлек конвертке жасырын атын, жеке куәлігінің көшірмесін, өлең тақырыбын, өзінің телефоны мен тұрақты мекен- жайын төмендегі адреске жіберуі тиіс. Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 11 (аула ішіндегі ғимарат), Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалы.
Марапаттар:
1. Бас жүлде – біреу;
2. Бірінші орын – біреу;
3. Екінші орын – екеу;
4. Үшінші орын – үшеу.
Бұдан басқа арнайы және шабыттандыру сыйлықтары қарас тырылған. Қазылар алқасына жүлдегерлерді анықтау үшін берілген шы ғармалардың тақырыбы, авторларының аты-жөні көрсетілмейді. Кон курс қорытындысы осы жылдың қыркүйек айының аяғында шы ғарылады. Марапаттар Атырау қаласында тапсырылады. Ұйым дастырушы Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалы.
Байланыс телефондары:
87017366473, 87783224107, 87122-75-57-48.