Щучинск қаласында кафеде болған өрттен кейін тағы бір зардап шеккен адам көз жұмды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
582

Щучинскідегі кафедегі өрт кезінде зардап шеккен тағы бір адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл ақпаратты Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы растады. Осылайша, қаза тапқандар саны сегіз адамға дейін артты.

Бұған дейін өрт салдарынан жеті адам қаза тапқаны хабарланған еді. Дәрігерлердің мәліметінше, бесеуі жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілгеннен кейін алғашқы минуттарда, жасалған реанимациялық шараларға қарамастан, қайтыс болды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, барлығы 28 адам зардап шеккен. Олардың 13-і ауруханаға жатқызылды, сегізі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...