Қазақстанда кейбір азаматтардың депозитіне 157 мың теңге түскен

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
342

Ақпан айының соңғы күні мен наурыздың басында «Отбасы банкте» тұрғын үй жинақ депозиті бар 591 709 азаматтың шотына 157 280 теңге көлемінде мемлекеттік сыйақы түсті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Мемлекеттен сыйақы алған азаматтардың арасында  I және II топтағы 12 059 мүгедек, 57 551 көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 10 679 отбасы, сондай-ақ «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 13 966 азамат бар.

«Отбасы банктің» баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы алғанда, қазақстандықтарға есептелген мемлекеттік сыйақының сомасы 124,4 млрд теңге болған. Соның ішінде, 591 709  адам сыйаөының ең көп мөлшері, яғни, 157 280 теңгеден алған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық спортшы бір жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Гимнастшы...

АЙМАҚТАР

Синоптиктер 2026 жылғы 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде со...