Алматыда такси жүргізушісі Үндістаннан келген блогерді алдаған (ВИДЕО)

Сурет: orda.kz

Оқиға
63

Алматыда шетелдік туристі алдағаны үшін такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Полиция 27 жастағы ер адамды ұстады. Ол Үндістаннан келген туриске жол ақысын алдымен мың теңге деп алдап, кейін 77 мың теңге беруін талап еткен.  

«Тексеру барысында ер адамның тиісті құжаттарсыз жеке тасымалдаумен айналысқаны, өз қызметтерін азаматтардың мазасын ала отыра ұсынғандығы, сондай-ақ оны ұстау кезінде полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамағандығы анықталды», - деп хабарлады полиция .

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.

Қоғам

Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жүрген блогер Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева күйеуі тур...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасынан 21 жастағы лейтенанттың м...