Елордада Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталд...
Көліктің аты - жеңіл, құны - қымбат: Темір тұлпардың бағасы неге шарықтады
Pixabay.com
Еліміздегі автосалондарда құрастырылған жаңа көліктердің бағасы әдеттегіден 28%-ға өсті. Осы орайда Skifnews.kz ақпарат порталы көліктердің бағасына қатысты толығырақ тоқталмақ.
Қазақстандағы жалпы инфляция тамыз айының соңында 8,4%-ды құрады, бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 0,2%-ға төмен. Дегенмен, бұл елде баға төмендей бастады деген сөз емес. Көптеген тауарлар мен қызметтердің бағасы сәт сайын қымбаттауын жалғастыруда.
Мәселен, Ұлттық статистика бюросының «Талдау» ақпараттық-сараптамалық жүйесінің мәліметі бойынша, тамыз айында отандық жаңадан құрастырылған көліктердің орташа құны бір айда 3%-ға өскен. Сонымен қатар, жалпы алғанда, осы уақыт ішінде азық-түлік емес тауарлар 0,8%-ға ғана қымбаттады.
Айта кетейік, тамыз айындағы көрсеткіш ең жоғары емес. Маусым айында елдегі автосалондардағы отандық автокөліктерге орташа чек 7,3%-ға, қаңтарда – 6,7%-ға, 2023 жылғы қарашада – 9,4%-ға өскен болатын. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз және сәуір айларында олар 2,4%-ға және 4,8%-ға төмендеді.
Осындай айлық көрсеткіштерді ескере отырып, жылдық өсім айтарлықтай артқанын байқаймыз. Осылайша, тамызда Қазақстандағы автосалондарында құрастырылған жеңіл автокөліктердің орташа құны бір жыл бұрынғыдан 28,6%-ға артық болды.
Салыстыру үшін: тамыз айының соңында Қазақстанда жаңадан әкелінген көліктер орташа алғанда айына небәрі 1,5%-ға қымбаттады, ал жылдық негізде олар 1,8%-ға арзандады. Еліміздегі автопарктердің ескіруі жаңа көліктердің бағасы өсуіне бірден-бір себеп болуы мүмкін.