Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтт...
Қаржы министрі былтыр бюджет қаржысын игере алмаған министрліктерді атады
Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев жыл басынан бері бюджет қаржысын дұрыс игере алмай отырған министрліктерді атады.
Министр жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 3 трлн 224 млрд теңге түскенін атап өтті.
Кіріс бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмаған. Бұл – импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы, - деді министр.
Ол республикалық бюджет бойынша 3,7 трлн теңгеге шығыс жүргізілгенін айтады.
70 млрд теңге атқарылмады. Оның ішінде 25 млрд теңге үнемделді, ал 45 млрд теңге игерілмеді. Ең көп игерілмеу сомасы Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктерінде және Мемлекеттік күзет қызметінде тіркелді, - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ Такиев қаржыны жөнді игермеудің негізгі себептерін атады.
- 670 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізілмеген;
- 19 млрд 214 млн теңгеге конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерінің ұзаққа созып өткізілуі.
2024 жылғы ақпанда жергілікті бюджеттердің шығысы 1 трлн 409 млрд теңге болды, ал 74 млрд теңге атқарылмады.
Осы жылы өңірлерге 1,8 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 наурызға 74 млрд теңге бөлінді. Олардың 90,7 пайызы игерілді. 7 млрд атқарылмады. Оның ішінде 1 млрд теңге үнемдеу, ал 6 млрд теңге игерілмеді. Қаржыны көп игермеу Астана қаласы, Қарағанды, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тіркелді, - деді Қаржы министрі.