Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

ЖАҢАЛЫҚТАР
8451

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген Астана әкімі Əсет Исекешев белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді. Еліміздегі гонорары ең көп асаба енді Астанадағы сатира театрын басқармақ.

Тұрсынбек Қабатов

Астана әкімі Əсет Исекешевтің сөзінше, елордада әзіл-сықақ театры ашылмақ.

"Оның көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатов болмақ", - деді әкім.

Сонымен бірге брифинг барысында Астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының да жаңа ғимараты салынатыны белгілі болды.

"Бұл бастама мемлекет басшысының тікелей тапсырысымен қолға алынып отыр. Қазір аталған жұмысқа кірісіп те кеттік", - деп қысқа қайырды Əсет Исекешев.


Тұрсынбек Қабатовтың жеке парақшасы

madeniportal.kz

author

Тұрсынбек Қабатов

АКТЕР

Әлем

Сот оны адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. &n...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Сейфуллин даңғылы бойындағы Forum сауда орталығының маңында екі жүргізуші арасында жанжал ш...