Танымал актер, шоумен Нұрсұлтан Жақсыген не себепті ажырасқанын айтты. Өнер иесі журналист Анна Данч...
"Енді жасырудың керегі жоқ": Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен Салтанат Байқошқароваға алғыс білдірді
Жақында екі рет ана атанған Баян Мақсатқызы үлкен қызы Алисаны қырқынан шығарды.
Белгілі продюсер жақындарының басын қосып, өнердегі әріптестерін шақырды. Қонақтарының арасында танымал ЭКҰ дәрігер, репродуктолог Салтанат Байқошқарова да болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
“Қымбатты менің қонақтарым, қош келдіңіздер! Қыздарым да осы жерде екен. Ең қадірлі қонақ Салтанат Байқошқарова, қош келдіңіз. Енді жасырудың қажеті жоқ. Біздің сүйікті таңғажайып дәрігеріміз. Салтанат Берденқызы, қазір төрде отырасыз”, – деді Баян Мақсатқызы.
Дәрігер де сәбилерге тілек білдіріп, ата-ана атанған өнер өкіліне алғыс айтты.
“Мені төрге шығарыпты. Ыңғайсызданып та отырмын. Гүлжамал ханым отыруы керек еді. Бірақ отбасылық кеңес менің отыруымды шешіпті. Керемет қуанышқа толы күн. Алиса – болашақ шоу-бизнес жұлдызы. Алма әкесінен аумай қалған. Болашақта зауыт директоры болады”, – деді дәрігер.