30 жастағы Динара Досымбекованы өлтірді деген күдікпен туған анасы қамауға алынды, деп хабарла...
Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген 13 адам ұсталды
Фото: kursiv.media
Қыз баланы жезөкшелікке тартқандар да, зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар да қамауға алынған, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлап, сексуалды құлдыққа түсірген мектеп оқушысының ісі жөнінде сұраққа жауап берді.
– Ол істе 13 фигурант анықталды, олардың 11-і қамауға алынды. Екеуі үйқамақта. Бүгінгі таңда бірқатар бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мен бұдан артық түсініктеме бере алмаймын, өйткені қылмыстық іс аясында бұл тергеушінің құзыреті, – деді Лепеха сенатта.
Оның айтуынша, қызды жезөкшелікке қатыстырған және зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырған адамдар да қамауға алынған.
Министрдің орынбасары ұсталғандардың қаншасы кәмелетке толмағандар екенін айтпады.
– Тергеу бұл мәселемен айналысады. Біз бәрін тексереміз, – деп қорытындылады Лепеха.
Тамыз айының басында мектеп оқушысының анасы сыныптастары қызын есірткі қолдануға мәжбүрлеп, күштеп ұстағанын, ақша бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенін мәлімдеген. Оқу-ағарту министрлігі психологиялық қолдау орталығының мамандары қыз балаға көмек көрсететінін хабарлады.