63 жастағы әйел Ақмоладан Астанаға келіп бриллиант ұрлаған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2571

Ақмола облысынан келген 63 жастағы әйел Астанадағы дүкендердің бірінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын бриллиант жүзік ұрлап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қалалық полиция департаменті ұрлықтың видеосын жариялап, дүкен иелеріне камера орнату керегін ескертіп отыр.

Зергерлік бұйымдар сататын дүкеннің иесі бутигінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын гауһар тасты алтын жүзік жоғалғаны туралы арыз жазды. Дүкендегі бейнетаспаны қараған Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Бриллиант жүзікті Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны ұрлап әкеткен, – деп хабарлады Полиция департаменті. 

Зейнеткер дүкенге алтын ізлеп кіріп, сатушы басқа адамдармен сөйлесіп тұрғанда, қолына тағып көрген жүзікті қалтасына салып алған. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұрлығын жасыру үшін қарағандылық адам біреудің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.k...

СПОРТ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 санатындағы турнирдегі өнерін а...