Бишімбаевқа сот үкімі шықты!

Бейнежазбадан

ЖАҢАЛЫҚТАР
3301

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кететіні, 2023 жылдың 9 қараша күні Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, ұсталған болатын. Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. Күдіктіге Қылмыстық істің "Қинау" және "Асқан қатыгездікпен кісі өлтіру" баптары бойынша іс қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...