Raim Ерке Есмаханның үлкен ұлына көлік сыйлады

Жаңалықтар
494

Танымал әнші RaiM Ерке Есмаханның үлкен ұлына соңғы үлгідегі көлік сыйлады.

“Міне, бүгін папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол”, – деп жазды Ерке Есмахан.

Осылай деген әнші күйеуіне алғыс айтты. 

“Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады. Ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашып, қабілетін шыңдады. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген “әке махаббатын” сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, “Папа, мама” деп, толыққанды отбасында өсіп жатыр”, – деді әнші. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...