Ердоған: Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығына қолдау көрсете береміз

Жаңалықтар
677

Түркия басшысы Қазақстанның территорилық тұтастығына қатысты пікір білдірді.

Тарихы терең мемлекеттік тәжірибесі бар бауырлас Қазақстанның тұрақтылығына, бейбітшілігіне және егемендігі мен территориялық тұтастығына қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. Бұрынғы кездердегідей, біз қазірде біргеміз, – деді Түркия Президенті БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Сонымен қатар Ердоған Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді.

Біз бауырлас Қазақстанның егемендігін, территориялық тұтастығын, бейбітшілігі мен тұрақтылығын әрдайым қолдаймыз. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз мәңгілік! Қазақстан Президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалаймын. Алдағы президент сайлауының қорытындысы Қазақстанға игілік әкелсін, – деп ризашылығын білдірді Режеп Тайип Ердоған.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...