Соның кесірінен қанша адам оққа ұшып, қаншасы жараланғанын айтпағанда, соғыстың адам санасын қанша у...
«10 жыл айға қарап жүрген жоқпын»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырман көкейіндегі сұраққа жауап берді
Жұлдыз Әбдікәрімованың инстаграмдағы парақшасынан
606
Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова он жыл бойы жарыққа шықпай жүруінің себебін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актрисаның әлеуметтік желідегі оқырмандарының бірі "Он жыл бойы қалай шымылдықтың артында өмір сүрдіңіз?" деп сұраған.
"Мен 10 жыл ай қарап жүрген жоқпын. Ол менің өмірімдегі АНА болу, балаларымның алғашқы тәй-тәй басуы, алғаш шүлдірлеп сөйлеуі деген маңызды кезең болды. Төрт баламды да ешқандай көмекші, күтушіге қимадым. Барлық сәттеріне өзім куә болғым келді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.