Баян Алагөзова журналисті сотқа берді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1391

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың журналист Дана Орманбаеваның үстінен жазған шағымы сотта қаралды, деп хабарлады madeniportal.kz politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Дана Орманбаева әлеуметтік желілерде Баян Алагөзоваға қатысты бірқатар ақпарат таратқан еді. Сол үшін продюсер Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына арыз жазып, Орманбаевадан Instagram және Telegram желісіндегі жеке парақшасында тараған ақпаратты жоққа шығаруды талап етті. Сонымен қатар соттан моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге өндіруді сұрады.

Ал Дана Орманбаева өз жарияланымдарындағы ақпарат шындыққа сәйкес келетінін және пікір түрінде екенін айтып, айыпты мойындамаған.

Айта кететін жайт, сот филологиялық-лингвистикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жауапкер ұсынған мәліметтер шындыққа сәйкес келмеген жағдайда талапкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін деректер санатына жатады.

«Бірінші сатыдағы сот отырысы барысында тараптар жауапкердің жоғарыда аталған ақпаратты әлеуметтік желілерде таратқанын дауламады. Журналистің өзі жариялаған ақпараттың продюсерге қатысы жоқ деген уәжі расталмады. Осыған байланысты сот істің мән-жайы мен сараптама қорытындысын ескере отырып, продюсердің шағымын ішінара қанағаттандырды», – делінген хабарладама.

Соттың мәліметінше, журналист таратқан ақпараттың шындыққа жанаспайтыны, Баян Алагөзованың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретіні анықталды.

 

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...