Еліміздің 14 аймағында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bu...
“Еңбек ақымызды жеп қойды”. Астанада дәрігерлер шағым түсірді
Фото: ашық дереккөзден
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС бұрынғы қызметкерлері хабарласты. Олар қордан еңбек құқықтарын қорғауды сұрайды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Дәрігер, мейірбике, санитар, барлығы 17 қызметкер бұрынғы жұмыс беруші Данияр Құдабеков«еңбек ақымызды жеп қойды» деп шағымданды. Оның кейбір қызметкерлер алдындағы қарызы 1 миллионға жетіп қалған.
«Одан бөлек, 2023 жылдың мамыр айынан бері жұмыс беруші біздің зейнетақы төлемдерімізді аудармаған. Адал ақымызды күтіп сабырымыз сарқылды, сол үшін Қордың көмегіне жүгініп отырмыз», - дейді медбике Салия Жүсіпова.
Санитар Қалдыгүл Жұмадуллаева да еңбекақысын айлап көрмеген. Сома қомақты – кейбірінің ала алмай жүрген ақшасы 1 миллионға жуық.
«Мұндай жағдайда заң қызметкерлер жағында, сондықтан олар бұл істе жеңеді. Әрбір жұмыскерге осындай жағдайда шыдап отырмай, мәселені бірден заң бойынша шешуге тырысуға кеңес беремін», - дейді «Әділдік және өркендеу» қорының заңгері Дархан Құлжамбеков.
Еңбек құқығы тапталған қызметкерлер «Аңсар медициналық компаниясы» ЖШС үстінен арыз жазды. Бұл істе «Әділдік және өркендеу» қоры оларға тегін заңгерлік қолдау көрсететін болады.