«Отбасы мүшесін өлтірген жоқ»: Сот Бишімбаевтың бұрынғы әйелінің арызын орындаудан бас тартты

Голос народа

Жаңалықтар
276

Бишімбаев отбасы мүшесін немесе жақынын өлтірген жоқ деп саналады.

Қуандық Бишімбаевтың экс-жары Назым Қахарман балаларының әкесін ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа жүгінген. Алайда сот оның арызынан бас тарқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот мәліметінше, экс-министр Салтанат Нүкеновамен азаматтық некеде тұрған. Сол себепті, Бишімбаев отбасы мүшесін немесе жақынын өлтірген жоқ деп саналады.

Назымның адвокаты Мадина Уатбекованың сөзінше, бұл шешім мүлде дұрыс емес әрі заңсыз. Егер ата-ана қылмыс жасаса, мемлекет оны ата-ана құқығынан айырады. Осылайша баланы қорғайды.

Назым Қахарман тіпті балаларының тегін ауыстырмақ болыпты. Бірақ сот оның бұл арызын да қабылдамаған. Енді ол Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа шағым түсірмек.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев жары Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді. Экс-министр қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге қамалған.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...