Мектепке сәттілік әкелу үшін": Директор мен бір топ ұстаз оқушыны құрбандыққа шалған

Daily.mail

Жаңалықтар
461

Үндістандағы Хатрас қаласында директор мен бір топ ұстаз мектепке сәттілік әкелу үшін оқушыны құрбандыққа шалған. Жатақхана төсегінен баланың денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты Dailymail порталына сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, жеті жасар бала қара магия рәсімі бойынша құрбандыққа шалынған. Кісі өлтірді деген күдікпен бес адам ұсталған.

Бұл іс бойынша мектеп иесі Джасодхан Сингх, оның ұлы сол мектептің директоры Динеш Багель және үш мұғалім қамауға алынды. Олар мектепке сәттілік әкелу үшін салттық құрбандық жасаған.

"Баланы қара магия рәсімі аясында құрбандық үстеліне апару керек еді. Бірақ ол рәсім аяқталғанға дейін көз жұмған", – деді полиция қызметкері Химаншу Матур.

Үндістандағы салттық кісі өлтіру әдетте құдайларды тыныштандыру мақсатында жасалады. Бақсылық пен оккультизмге деген сенім кең таралған тайпалық және шалғай аудандарда жиі кездеседі.

Жаңалықтар

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылға...

Жаңалықтар

Қазақстандық 18 жастағы азамат “Қырымға соғысқа барамын” деген хабарламаның салдарынан ш...