Кеңес Одағы кезінде Целиноград қаласының №2 көпшілік кітапханасы базасында қалалық 19 кітапхана бі...
А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы
1896 жылы 20 наурызда халыққа білім беру жөніндегі қамқорлық Қоғамының бастамасымен құрылды. Оның құрамына алдыңғы қатарлы қалалықтар мен саяси жер аударылғандар кірді. Ол кезде кітапхана «Өскемен халықтық ақылы кітапхана-читальня» деп аталды. Сол кезден бастап, сол бір кезеңдегі кітаптардың титулды парағында кітапхана атауымен бірге «1896ж» штампы қойылған. Алғашқы кітап қоры Қоғам мүшелері Костюрин, Федоров, Гинтов, Михаэлис, Емельянов, Федоров, Вестениус және т.б. жеке кітаптарынан құрылды. Алғашқы кітапханашы облыстық Сауда банкінің бухгалтері П.Ф.Столбов болды. Кітапхана алғашында қалалық басқармада, сонан кейін Халық Үйіне көшірілді. (қазір облыстық Жамбыл ат. драма театры).
1914 ж. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында кітапханада 2000 таяу кітап болды. Кітапхананы пайдалану үшін 50 теңге пұл – ақы алынғандықтан оқырмандар қатары шектеулі еді. 1920 жылы кітапхананың кітап қоры 5000 данаға дейін өсіп, пайдалану ақысыз болды. Осы жылдары кітапхана драма театрының екінші қабатындағы оқу залына, жаңа бөлмеге орналасты. Бұл жерде оқырмандарға 1936 ж. дейін қызмет көрсетілді. Қалалық газет 1920ж. 11 қарашада « Қалалық кітапханаға жазылушылар саны күннен – күнге өсуде» - деп жазып, Өскемен уезіндегі кітап тапшылығын атап көрсетті.Біздің кітапханаға Александр Пушкин есімінің берілуіне қала қауымдастығы өтініш берген. 1937 жылы 19 тамызда Өскемен қалалық советінің президиумы қалалық кітапханаға ұлы ақын есімін тағайындауға қаулы қабылдады. Ал, екі жылдан кейін Шығыс Қазақстан облысы Семейден бөлініп шыққаннан кейін, кітапханаға облыстық кітапхана статусы берілді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі жылдары кітапхана бірнеше мәрте бір жерден екінші жерге ауыстырылды, бірақ оның есігі оқырмандарға үнемі ашық болды. Тек 1983 жылы 29 желтоқсанда кітапхана қала орталығындағы қазіргі заманға сай әсем ғимаратқа келіп тұрақтады, күні бүгінге дейін өз оқырмандарына қызмет көрсетуде.
Қазір біздің кітап коллекциямыз 400 мыңнан астам дананы құрайды. Оқырмандардың жаңа ақпараттық технология жетістіктерін - медиа және интернет ресурстарды, шет тіліндегі әдебиеттерді , энциклопедия, сөздіктер мен анықтамалықтар коллекцияларын, дәстүрдегі және электрондық тасымал құралдарын пайдалану мүмкіндігі бар. Кітапхананың көптеген жобалары халықаралық ұйымдармен және қорлармен серіктестік байланыста жүзеге асырылады: АҚШ, Франция, Германия Елшілігі, Ашық Қоғам Институты, «Евразия», «Сорос-Қазақстан» т.б. Біздің кітапхана - Шығыс Қазақстан облысындағы негізгі ақпараттық және мәдени орталық.