Теле және радиоарналарда қазақ тілді контент саны арта ма?

Фото: caspianlife.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2383

2025 жылдан бастап мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалар мен отандық өнім олардың жалпы көлемінің кемінде 55 пайызын, 2027 жылдан бастап 60 пайызын құрауы тиіс. Бұл талап «Масс-медиа туралы» заңға енгізіледі, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Шетелдік теле-, радиоарналардың бағдарламаларын қайталап көрсету отандық арналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде 20 пайыздан 10 пайызға дейін қысқарады.

Сонымен қатар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне мемлекеттік теле, радиоарналар өнімінің қоғамдық көлікте таратылуын қамтамасыз ету және бақылау құзыреті жүктеледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Абылай хан даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйде болған өрттен 11 жастағы бала көз жұмды, де...

MADENI TV

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, КММ «МРЦ «Астана жаста...