Жартасқа өрмелеуші Амир Маймұратов Әлем кубогінде күміс медаль алды

Фото: instagram.com/kazclimbing

Спорт
261

Жартасқа өрмелеуші Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогінде күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Olympic.kz мәліметінше, спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.

Бүгін «жылдамдық» бойынша жарыстың финалы өтті. Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы СиньШань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды, – делінген ақпаратта.

Үшінші орын Индонезиядан келген Киромал Катибинге бұйырды. 

Жаңалықтар

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық ақын әрі журналист Серік Боқанның көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды madenip...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде подполковник пен хуторлық Хасанның бірге түскен суреті тарады, деп хабарлайды made...