“Енем маған ыдыс жуғызбайды”. Фариза Ескермес келіндік өмірі жайлы айтты

Фото: инстаграм парақшасынан

Шоу-бизнес
714

Жақында тұрмыс құрған актриса Фариза Ескермес Taboo бағдарламасында өзінің қандай келін екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Актриса Андрей есімді жігітке тұрмысқа шықты. Актриса ата-енемен бірге тұрмайтындарын айтты.

"Оның отбасы мені керемет қабылдады. Оның әкесі де, анасы да маған Фариза немесе келін деп емес, қызым деп қарайды. Үйіне келген бірінші күні анасы маған "сен келін емессің, сен басқа адам емессің, сен біздің қызымызсың, мен өмір бойы қызды болуды армандадым" деді. "Мен Құдайдан қыз сұрағанда маған сен секілді қызды берді, мен мұны сый ретінде қабылдаймын" деді. "Мен сені дэви деп атасам бола ма" деді. Ол "жарық" деген мағынаны білдіреді екен. Қатты еркелетеді. Мен олардың үйіне барғанда ыдыс жумаймын. Жудырмайды. Орнымнан тұрғызбайды. Мақтанғаным емес, бұл мені таңғалдырды. Шын мәнінде маған ештеңе істетпейді. Оның орнына "жай ғана отырып сөйлесейікші, әңгіме айтайық, шай ішейік, билейік" дейді. "Үйдің шаруасын істемей-ақ қояйықшы" дейді", – деді Фариза Ескермес. 

Без категории

Күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан әйел 86 «Шымкент-А...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдызды туған күнімен құттықтады, деп хабарлады madeniportal....