Жұлдыз Әбдікәрімова енесі ашқан дүкеннің лентасын кесті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
80

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Алматыда жаңадан ашылып жатқан Гүзира Айдарбекова дүкенінің лентасын кесті, деп хабарлады madeniportal.kz.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова  Алматы қаласынан әйелдер киімі дүкенін ашты. Ашылу салтанатына өнердегі жұлдыздар да қатысты. Сонымен қатар келіні Жұлдыз Әбдікәрімова мен Айнұр Асанберді лентаны кесті.

«Бүгін Алматыдағы Гүлзира Үсенқызының дүкенінің ашылу салтанатына қатыстым. Лента, тұсау кесетін жасқа жетіп қалғанымды байқаймаппын», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында.