Танымал әнші 21 отбасыға баспана сыйлайды

el.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
8792

Кalifarniya деген атпен танымал әнші Фархат Қалиев 8 сәуірде өңірлерге концертін бастайды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша,  алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ұзақ ойлаған. 

Бұл менің ең ауқымды гастрольдік сапарым болғалы тұр. Бұйырса, еліміздің 21 қаласын аралауды жоспарлап отырмын. Мен әр ән кешімде халықпен тығыз байланыс орнатқанды жақсы көремін. Сол себепті, әр қаладағы тыңдармандарыма тосын сый жасағым келді, - дейді ол. 

21 қаладағы ән кешінде 21 отбасына баспана сыйлау идеясын жүзеге асырмақ ниеті бар.

Келіншегім Әнелдің идеясы бұл. Басында "қалай болар екен?" деген ой да, жүрексіну де болды. Бірақ Алла қолдап, тыңдармандарым демеп, бұл ниетімізге жетеміз деп ойлаймын, - деді Фархат Қалиев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...