Екібастұз тұрғыны әйелін шәйнекпен ұрып-соққан

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
124

Алкогольдік мас күйде болған, шизофрениямен ауыратын ер адам Екібастұзда әйелін шәйнекпен ұрып-соққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Нақтылай кетсек, Екібастұз тұрғыны 1991 жылдың басынан бері психоневрологиялық диспансердің есебінде тұр.

Оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында болған.

Жанжал әйел жұмыстан қайтып келген кезде шыққан. Күйеуі ішімдік ішіп алып, қызғаныштан кінә таға бастаған. Соңында шәйнекті алып, онымен әйелінің басынан екі рет ұрған. Соның салдарынан жәбірленуші бас-ми жарақатын алған. Әйелі есінен танып құлап, ауруханаға түскен.

Жәбірленуші полицияға жүгінген. Шабуыл жасаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК 107-бабы) қылмыстық іс қозғалды. Алайда сотта іс ұзаққа созылмаған.

«Жалпы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалсын», – делінген Екібастұз қалалық сотының қаулысында.

Айта кетейік, жәбірленуші бұл ер адаммен некеде 35 жылдан астам уақыттан бері тұрады. Сотта ол күйеуін өмір бойына емдеуге жіберуді сұраған. Екібастұз тұрғынының қорғаншысы болып табылатын қызы да бұған қарсы болмаған. Ол әкесінің анасын үнемі ұрып-соғатынын түсіндірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...

ПОЭЗИЯ

Ақын Сайлау Байбосын Ақындар   Басымызды мұнарлаған мұң егіз, Бәрі жалған екенін де біл...