Баян Алагөзова Арман Дүйсеновтың ұлы көз жұмардан 10 күн бұрын көмек сұрағанын айтты (видео)

коллаж: politico.kz

Шоу-бизнес
1084

Бүгін Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлады madeniportal.kz politico.kz-ке сілтеме жасап.

Осы қаралы хабардан кейін Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде Абылайдың оншақты күн бұрын қабарласқанын мәлімдеді.

«Осыдан 10-12 күн бұрын маған Абылай хабарласқан еді. Ол баланы көріп жүргеніммен, ешқашан маған қоңырау шалмаған. Туған әпкесіне хабарласқандай, көмек сұрады. Түсінгенім бойынша, бір бағдарламада марқұм сазгердің жеке өмірі талқыланады екен. Оған бірнеше шоу-бизнестегі адамдар қатысып, марқұм туралы жағымсыз ақпарат айтыпты. Ол кезде бағдарламаның эфирге кететініне екі сағат қалған. «Абылай, сен кеше хабарласқаныңда көмектесер едім. Бірақ екі сағат қалғанда қолымыздан ештеңе келмейді», дедім. Ол баланың жанайқайы әкесінің атына жағымсыз пікір айтылғаны еді», – деген еді продюсер Баян Алагөзова.

 

@symbatabaykyzy Скончался сын известного казахстанского композитора Армана Дуйсенова Абылай Арманулы💔 #рек #баянмақсатқызы #астарлыақиқат #хочуврек #қазақстан #шоубизнес #қазақстан #рекомендации #поддержка #алматы ♬ оригинальный звук - 𝒮𝓎𝓂𝒷𝒶𝓉

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...