Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамына қатысты бірқатар кадрлық шешім қабылдады. Ақорд...
«Канелоны» жеңген боксшының әйеліне Қырғызстанда іздеу жарияланды
ашық дереккөзден алынған
1305
Бішкек қаласының Ішкі істер бас басқармасы әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасына сәйкес, 21 қазанда жарияланған видеода ол қырғыз халқына қорлайтын сөздер айтқан, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.
Бішкек қаласы ІІББ-нің тергеу қызметі бұл факт бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы («Нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық өшпенділікті қоздыру») бойынша іс қозғаған.
«Аталған бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — делінген ІІББ мәліметінде.