Дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Спорт
127

2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жазды, деп хабарлады madeniportal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.

Министр Будапешттегі сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесіп, тиісті келісімге қол қойған.

«Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», - деп жазды министр.

Бұдан өзге  Мырзабосынов Қазақстанда Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін ашу туралы уағдаласқан.

 

Жаңалықтар

Сотталған адамды азаптаған Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаме...

Жаңалықтар

Семейде оқушыларын дәретханаға шығарып сөйлескен мұғалім жұмыстан қуылды, деп хабарлайды madeniporta...