Танымал әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова туысқандарының сөздерінен шаршағанын айтты, деп...
«Жылата көрме»: Сәкен Майғазиев Дүйсеновтер отбасына көңіл айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
686
Танымал әнші Сәкен Майғазиев сазгер Арман Дүйсеновтың ұлын ақтық сапарға шығарып салғанын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.
Өнер иесі Дүйсеновтер отбасына көңіл айтып, артынан ерген бауырларына ұзақ ғұмыр тіледі.
«Бүгін Арманұлы Абылай баламызды мәңгілік мекеніне шығарып салдық. Атамдатсаң да ботамдатпа (Атам-ай деп жылатсаң да, ботам-ай деп жылата көрме), деп тілеген халықпыз. Абылай 21 жасында Раббысына қайтты. Анасы Айсұлуға көркем сабыр берсін. Абылайдың Арай есімді қарындасы мен Абзал есімді інісі бар. Орнында бар оңалар дейді қазақ. Абзал мен Арай Арманның ұрпақтарын өрбітер салиқалы перзенттер болып өссін», - деді әнші Сәкен Майғазиев.