“Мал еркектер көп”: Айсәуле Бақытбек жігіттерге шүйлікті

Фото: Инстаграмнан алынған/ aissaulebakytbek

Жаңалықтар
427

Блогер Айсәуле Бақытбек тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес беріп, жар таңдауда қателеспеуге шақырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Блогер оқырмандарының сұрағына жауап берді.

“Қандай жігіттерді таңдаған дұрыс?” деген сауалға кеңінен тоқталды. 

“Өздеріңізге интеллектісі жоғары жігітті таңдаңыздар. “Мал” жігіттер көп. Оларды басқаша қалай айтатынымды білмеймін. Ондай жігіттердің түрінен-ақ көрініп тұрады. Бірақ соларға қыздар мүмкіндік береді. Ой-пиғылдары таза жігітпен танысыңдар. “Таза” сөзінің ішіне бәрі кіреді. Көкірек емес жігіттермен қарым-қатынас құрыңдар. Екі сөйлемейтін, сөздерін аяқасты етпейтін жар жолықсын. Басқаның көзінше сені жақсы көретінін мойындайтын, үнемі жылы сөз айтатын жігітке қараңдар. Болашақ жардың мінезі мен болмысы да өте маңызды. Мейірімді болуы керек. Егер жігіттің біреуді алдағанын көрсеңіз, кетіңіз”, – деп кеңес айтты Айсәуле. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...