“2016, 2018, 2019, 2022, 2023": Қостанай облысында 5 бала өртеніп кетті

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
3615

Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртенді. Үй ішіндегі 5 бала қаза болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүгін таңғы сағат 04:29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылып түскен. Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.    

Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы кәмелетке толмаған балалар  болған. Өкінішке қарай үйінділерді тазарту барысында  бес баланың өлі денесі табылды. Балалардың үлкені 2011 жылы туылған бала ғана аман, зардап шекпеген. 

Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...