“Зорлаған”: Ақтөбе облысында сүйіктісін аяусыз өлтірген ер адамға сот шешімі шықты

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
279

Ақтөбе облысында үйленбек болған қызын зорлап, өлтіріп кеткен ер адам 22 жылға сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сотта күдікті Е. есімді ер адам 2024 жылдың 22 сәуірінде Ақтөбе қаласында түнгі мезгілде үйге заңсыз кіріп, жәбірленуші Т-ны еркінен тыс зорлап, артынша қылмыс ізін жасыру мақсатында оны пышақтап, өлтіріп кеткені анықталды. Ол балкон арқылы шығып, қашып бара жатқанда алдынан полиция қызметкері шыққан. Күдікті ер адам полицейді де пышақпен жарақаттаған.

Сот жігітті кінәлі деп танып, оған түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...