Отандық spik.kz аналитикалық порталында Жандос Ақылбековтың қазақ тілінде сөйлейтін балалар арасында...
Қостанайда қос азаматтығы бар әйел анықталды
Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында қос азаматтығы бар әйел анықталды, деп хабарлады madeniportal.kz рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұзынкөл ауданында көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, 24 жастағы Қазақстан азаматының қос азаматтығы дерегін анықтады.
Шекарадан өту кезінде, мемлекеттік өткізу пунктіндегі тексеру барысында ол 2024 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны анықталды, бірақ бұл туралы мүдделі мемлекеттік органдарға белгіленген мерзімде – 30 күн ішінде хабарламаған.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым сала отырып, елден шығару түріндегі жаза тағайындады.
Қос азаматтық жағдайларының алдын алу және анықтау үшін Қостанай облысының көші-қон қызметі түрлі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.