«Колледжге кеткен»: Ақтауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Фото: freepik

Жаңалықтар
368

Ақтауда 15 жастағы қыз колледжге кетіп, қай оралмады. Ол 15 қазанда таңертең үйден шығып кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Іздестіру жұмыстарын полицейлер мен "LIDER.KZ" еріктілер тобы жүргізіп жатыр.

15 жастағы Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданында тұрады. Сейсенбі, 15 қазанда сағат 08:00 шамасында ол Ақтау қаласындағы политехникалық колледжге үйінен шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз. Еріктілер полицейлермен бірге жоғалған қызды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бойжеткеннің дене бітімі орташа, шашы ұзын, бойы 165-170 сантиметр. Үстінде қара жеңіл күртеше, қара шалбар, ақ жолақтары бар қара кроссовка болған. Полицейлер Нұрсая Құралбаева туралы мәлімет білетіндер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...