Президенттің тапсырмасын жүзеге асыру жұмысын күшейту - «AMANAT» фракциясының басты басымдығы

Жаңалықтар
411

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларға Мәжіліс депутаттары – «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері заңнамалық қолдау көрсетеді. Халық қалаулыларының алдында тұрған жаңа міндеттер бүгін фракция жиналысында талқыланды, деп жазады madeniportal.kz.Фото: Ж. Жұмабеков

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларға Мәжіліс депутаттары – «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері заңнамалық қолдау көрсетеді. Халық қалаулыларының алдында тұрған жаңа міндеттер бүгін фракция жиналысында талқыланды, деп жазады madeniportal.kz.

Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Президент жедел шешуді қажет ететін елдегі ең маңызды мәселелерді айқындап бергенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырманы орындау кезіндегі тиімсіз бюрократиялық тәсілдерді нақты мысал келтіре отырып айтты. Бүгінде нақты нәтижеге бағытталған кәсіби тәсіл қажет. Бұл қағиданы заң шығару барысында да ұстануымыз керек. Мәжілісте әзірленген әрбір заң Президенттің мемлекетті дамытуды және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмыс істеуі тиіс», деді «AMANAT» партиясының Төрағасы.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі жиын барысында партия фракциясының мүшелері де сөз алды. Асхат Аймағамбетов халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау тетіктерін қайта қарау бойынша депутаттардың атқарып жатқан жұмысы туралы, Нұртай Сабильянов Құрылыс кодексіне және мемлекеттік сатып алу жөніндегі жаңа заң жобасына түзету енгізу бойынша депутаттардың жүргізіп жатқан жұмысы туралы, Сергей Пономарев су ресурстарын тиімді пайдалану және Су кодексін әзірлеу мәселесі туралы, Болатбек Нажметдинұлы көлік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар туралы, Берік Бейсенғалиев бюджет және салық саясатының тиімділігін арттыру бойынша өз ұсынысын айтты. Ал Нұржан Әшімбетов Президенттің ауыл шаруашылығы бағытына қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарлары туралы мәлімет берді.

Жиынды қорытындылай келе Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов «AMANAT» фракциясы Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жұмысын күшейтуі тиіс екенін атап өтті.

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...