Б.Сапарбаев: Ақтөбеде Димаштың үлкен концертін өткіземіз

Жаңалықтар
1140

Ақтөбеде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің үлкен концерті  өтпекші.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  өзінің осындай жоспары бар екенін айтып, ойымен бөлісті: 

- Димаш - біздің мақтанышымыз. Ол Қазақстанның атын әлемдік деңгейде танытып жүр. Сондықтан оған қолдау көрсетуіміз керек. Өзіміз де көмектесіп отырамыз. Биыл Димаштың қатысуымен «Бақытты бала» атты үлкен концерт ұйымдастырылды. Өнер орталығында аншлаг болды. Осы жылды біз «Бақытты балалық шақ» деп жарияладық. Соның аясында Димаш xалықаралық деңгейде концерт берді. Оған 24 елдің өкілдері қатысты. 63 жастағы бір әйел сонау Кіші Азиядан Димаштың дауысын естимін деп, Қазақстанға арнайы келді, - деді Б.Сапарбаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген Ақтөбеде жыл сайын концерт өткізуге ниетті екенін білдірген көрінеді.

«Бұған қоса келесі жылы Ақтөбенің құрылғанына 150 жыл толады. Қазір біз қызу дайындалып жатырмыз. Әрине сол кезде Димаштың қатысуымен жақсы бір концерт ұйымдастырамыз. Бәлкім стадионда, я болмаса орталық алаңда үлкен бір концерт өткіземіз», - деп атап өтті Бердібек Машбекұлы.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...