19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...
Такси платформаларына оң рульдік көліктерді тіркеуге шектеу қойылады
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха InDrive және Яндекс такси платформаларына оң рульдік көліктерді тіркеуге тыйым салынатынын мәлімдеді, деп хабарлады madeniportal.kz stan.kz ақпарат агенттігіне cілтеме жасап.
Игорь Лепеха Ішкі істер министрлігімен тиісті меморандум жасалғанын растады. Бұл екі есікті машиналарға да қатысты болмақ.
«Бізде мұндай тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ өкінішке орай, тәжірибеде мынадай бұрмаланулар болып тұрады. Мәселен құзырлы органдар мұндай жеке жолаушылар тасымалдап жүрген көліктерді тоқтатқанда, олар туыстарын тойға немесе белгілі бір жерге апара жатқандарын айтады. Сәйкесінше ешкім оған заңсыз тасымалдаушысың деп дәлелсіз айта алмайды, жауапкершілікке тарта алмайды. Қазір біз Көлік министрлігімен меморандумға қол қойдық. InDrive және Яндекспен оң рульді, екі есікті көліктерді тіркеуге тыйым салатын келісімге келдік. Бұл меморандум 1 қаңтардан бастап күшіне енед» – деді Игорь Лепеха.