СӘЛЕМ САҒАН, АСТАНА!

Жаңалықтар
1791

Елорданың 20 жылдығы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Алтынбек Қоразбаевтың «Сәлем саған, Астана!» концертін ұсынады
Елорданың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде өтетін концерт қазақ өнерінің көркемдігі мен тереңдігі, рухани болмысы мен асқақтығын танытады.
А.Қоразбайұлы «Алтын қорымызды» құнды туындылармен байытып, сонымен қатар тарихымызға орасан зор әрі баға жетпес үлес қосты. Әнші-композитор жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, небір дүлдүл дарындар мен дарабоз саңлақтардың шеберлігін шыңдаған. Көмейінен бал тамған орындаушы ән айтқанда, тарихын қоса айтып, тыңдармандарды әннің тұңғиығына жетелейді.
Оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтетін «Сәлем саған, Астана!» концертінде қазақ эстрадасының белгілі әншілері – Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмидинова, «Музарт» тобы, Тоқтар мен Бейбіт, Жұбаныш Жексенұлы, Саят Медеуов, Қыдырәлі мен Қарақат, Гүлнұр Оразымбетова, Мадина Садуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Алма Аманжолова, «Меломен» тобы, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин, «Айтұмар» тобы өнер көрсетпек.
Алтынбек Қоразбаевтың «Сәлем саған, Астана!» концерті астаналықтар мен қала қонақтары үшін керемет тарту болары анық.


Жаңалықтар

Қазақстандық әнші Жанар Айжанова әлеуметтік желіде тараған талғарлық Хасанмен бірге түскен суретіне...

Жаңалықтар

Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл Динара Закиеваның туыс ағаларынан зәбір көрген жасөспірімнің...