Түркістанда 17 жастағы жігіт кәмелет жасқа толмаған қызды жеті рет зорлағаны анықталды, деп хабарлай...
Әлібек Асқаров ШҚО-ның «Құрметті азаматы» атанды
Фото: azattyq_ryhy
ШҚО-да Республика күні қарсаңында еңбегі еленген бірқатар азамат марапатталды. Олардың қатарында жазушы Әлібек Асқаров бар, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап.
Еңбекте жетістікке жеткен азаматтар алғыс арқалап, кеуделеріне «Еңбек ерені үшін» медалін тақты. Олардың ішінде қарапайым тракторшыдан бастап, шенеунікке дейін бар.
Ал Қазақстанның белгілі жазушысы, Катонқарағай ауданының тумасы Әлібек Асқар «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атанды.
Әлібек Асқар ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте табанды еңбек еткен. Сонымен қатар, шығармашылықтан да алыстаған жоқ. Керісінше, жүздеген кітап жазды. Жазған әңгіме, повестері басқа да тілдерге аударылды. Атап айтсақ, «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді?!», «Ерте түскен бозқырау», «Алтайда қоңыр күз еді», «Монолизаның портреті» сынды туындылардың авторы. Жуырда ғана «Якутия. Ақ қар, көк мұз мекеніне саяхат» атты сафари жанрындағы кітабы жарық көрді.
Сондай-ақ, «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы Борис Щербаковке, Сағынбек Ақановқа, Ғани Шаймардановқа берілді.