СҚО-да мас азамат 500 теңге үшін 62 жастағы анасын ұрып өлтірген

Фото: orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1758

Солтүстік Қазақстан облысында ұлы анасын 500 теңге беруден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мағжан Жұмабаев ауданының Полудино ауылында 62 жастағы әйелдің мәйіті 49-дағы ауыл тұрғынының үйінен табылды. Сараптамаға сәйкес, әйелдің өлімі бауырдың жарылуынан, ішке қан кетуден, кеуде және іш жарақатынан болған, - делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм сол күні зейнетақы алып, құрбыларына барған. Кейін ішімдік ішкен баласы келіп, анасынан 500 теңге сұраған. Әйел ақша беруден бас тартқан. Сол жерде ер адам оны аясыз соққыға жығып, кетіп отырған.

Алған ауыр жарақаты салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Абылай хан даңғылындағы бес қабатты тұрғын үйде болған өрттен 11 жастағы бала көз жұмды, де...

MADENI TV

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, КММ «МРЦ «Астана жаста...