2021 жылғы Берлин кинофестивалінің қорытындысы жарияланды

КИНО
1396

- Халықаралық жетпіс бірінші Берлин кинофестивалі 2021 жылдың 1 мен 5 наурызы аралығында өтті.

- Кинофестиваль тарихында бірінші рет әлемді жайлаған аты жаман індеттен сақтану үшін үміткер фильмдердің көрсетілімі қашықтықтан онлайн форматта өткізілді. Авторлық құқық пен аймақтық шектеулерге байланысты конкурстық бағдарламадағы барлық фильмдер Қазақстаннан көруге қол жетімді болмады.

- Фестиваль актерлік марапаттарды «ер» және «әйел» деп бөлуден бас тартты. Бірінші рет «Үздік рөл» және «Үздік қосалқы рөл» үшін гендерлік бейтарап сыйлықтар тағайындады.

- Биылғы жылдың басты байқауының қазылар алқасы төрағасыз тең жағдайда өтті. Олар, былтырғы ирандық жеңімпаз Мохаммад Расулоф («Зұлымдық жоқ»), одан бұрынғы жеңімпаз Адина Пинтили («Сабырсыз»), «Синонимдер» фильмінің режиссері Надав Лапид, «Жан мен тән жайлы» фильмін түсірген Ильдико Эньеди, Итальяндық деректі кинорежиссер Джанфранко Рози мен босниялық режиссер Ясмила Збанич.

Жеңімпаздар

«Алтын аю» - «Сәтсіз секс немесе Ессіз порно», реж. Раду Джуд

Қазылар алқасының Гран-приі («Күміс аю») - «Сәттілік пен қиял дөңгелегі», реж. Рюсуке Хамагучи

Арнайы сыйлық (күміс аю) - Бакманн мырза және оның сыныбы, реж. Мария Шпет

Үздік режиссер үшін (күміс аю) - Денеш Надь (Табиғи жарық)

Үздік рөл (күміс аю) - Марен Эггерт (Мен сенің адамыңмын)

Үздік қосалқы рөл (күміс аю) - Лилла Китцлингер (Орман - Мен сені барлық жерде көремін)

Үздік сценарий (күміс аю) - Хонг Сун Су («Кіріспе»)

Шығармашылық еңбегі үшін (күміс аю) - «Полиция киносының» монтажы

«Қақтығыстар» байқауының жеңімпазы - «Біз», реж. Элис Диоп

Қақтығыстар байқауының үздік режиссері - Денис Кот (Әлеуметтік гигиена) // Рамон Цюрхер мен Сильван Цюрхер (Қыз бен Өрмекші)

«Қақтығыстар» байқауындағы қазылар алқасының арнайы сыйлығы - «Дәм» Ле Бао

madeniportal.kz

Жаңалықтар

ForteBank бос жұмыс орнына түйіндіме жариялап, ол түйіндемеде қазақ тілін маңызды емес деп көрсетіп,...

Жаңалықтар

Теміртау қаласы маңында екі көлік соқтығысып, екі бала қаза тапты. 10 адам ауруханаға жеткізілді, де...