Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты, деп хабарлады madeniportal.kz...
Алматы метросының жаңа желісі қай көшелермен өтетіні белгілі болды
Фото: nur.kz
Жаңа метро желісі қолданыстағы «Жібек жолы» стансасынан басталады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Метро жер астымен Гоголь көшесі арқылы Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін, одан әрі Шығыс айналма жолы бойымен Құлжа тас жолына ауысып, әрі қарай әуежайға бұрылады.
Жаңа желінің бекеттері келесідей орналасады:
• № 1 – Жібек жолы стансасының жанында, Назарбаев даңғылының шығысында бірінші желіге көшу арқылы;
• № 2 – Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында;
• № 3 – Құмай көшесі мен Шығыс айналма жолы қиылысы;
• №4 – «Халық Арена» спорт кешенінің жаны;
• №5 – «Жетісу» базарына қарама-қарсы «Шығыс» көлік торабы аумағы;
• №6 – «Апорт-2» сауда орталығы мен автосалон жанында;
• № 7 – Нұршашқан шағын ауданында;
• № 8 – әуежай маңында;
• электр депосы – № 7 стансаның солтүстігі.
Қазан айында оңтүстік астананың әкімі Ерболат Досаев алматылықтармен кездесуінде қаладағы метро «Алтын Орда» базарынан әуежайға дейін жалғасатынын айтқан болатын.