Күзде ағзаға қандай тағам пайдалы?

Фото: ашық дереккөзден

Пікір
228

Салқын уақытта жеміс-жидектен бөлек, ыстық сусындардың денсаулығыңызға пайдасы мол, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Күн салқындады. Жылы киімнен бұрын әр адам өз денсаулығына қолдау көрсетіп, дұрыс тамақтанудан бөлек, пайдалы тағамдарды тұтынғаны жөн. Күздің соңғы айларында күн бірде жылып, бірде күрт салқындап, ауа ауыспалы, тұрақсыз болады. Мұндайда адамның иммунитеті әлсіреп, салқынмен күресе алмай қалып жатады. Ал, мұның алдын алу үшін ағзаңызға қажетті дәрумендерге бай тағам түрлерін ішсеңіз суыққа да, ауруға да бой бермейсіз. 

Барлық адам білсе де аса мән бере бермейтін ол әрине жеміс-жидек. Тек үйіңізге қонақ шақырғанда емес, өзіңіз үшін де витаминге толы жемістерді жиі жегеніңіз дұрыс екен. Мамандардың айтуынша, осы уақытта барлық көкөністер мен жемістерде пайдалы заттар мен дәрумендердің максималды концентрациясы бар. Жемістерді жеп қана қоймай, олардан түрлі шырындар мен смузилер жасауға болады. Бір ескеретін нәрсе, ұйықтар алдында 2–3 сағат бұрын жемістерді жеуге болмайды дейді мамандар. Себебі, ауырлық пен іштің кебу сезімін тудыруы мүмкін. 

Күзге арналған ең жақсы сусындар - какао, шәй, компоттар және шөп тұндырмалары екен. Мамандар күз мезгілінде сорпа дайындаған кезде келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

• тұзды аз қосу;
• майлы етті аз қолдану;
• көбірек көкөністер;
• ешқандай майонез, тек қана қаймақ.

Салқын уақытта иммунитетті және энергияның жоғары деңгейін сақтау үшін ағзаға үнемі тамақтану қажет. Оны қамтамасыз ету үшін күніне 5–6 рет тамақтану керек дейді мамандар. Бірақ, порциялар үлкен болмауы керек екен. Көп тамақтанып дене бітімді құртып алам деп қорықпаңыз. Себебі, жиі тамақтану зат алмасу процестерін тиісті деңгейде ұстап тұрады және майдың жиналуын болдырмайды. 

Жаңалықтар

Мамандар 23-25 қараша аралығындағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлай...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда оқушылар онлайн оқып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.  Облыс аумағында...