Қыз жасауын алтысында жинасаң асырасың, жетісінде жинасаң жеткізесің!

Фото: ernur.kz

Пікір
267

Кейінгі уақытта қыз жасауы, қыздың артынан апаратын жүгі, ондағы заттар, әсем безендіру сәнге айналып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Байқасаңыздар бұрыңғыдай керек заттарын түгендеп апарып беру деген қазір жоқ. Алынған заттар міндетті түрде бірдей етіп қапталып, моншақтармен, гүлмен безендіріледі. Киім салуға сандық қана емес, чемодандар беріледі. Жалпы заман талабына сай дейміз бе, әлде бір-бірінен ерекшелену дейміз бе, әйтеуір жұрт қыздың ұзатылуын емес, жасауын көбірек күтеді, қызықтайды.

Бұрын ата-бабаларымыз қыз бергенде қалың мал алып, қыз жасауын сол қаражатқа дайындап беретін болған. Ал, қазір қалың мал күннен-күнге көбейген сайын қыздардың жасауына қосылатын дүниенің де қарасы көбеюде.

Ұят, ел-жұрт не айтады деп үйреніп қалған біздер үшін қатардан қалмау, ешкімнен кем қылмау деген тағы бар. Дегенмен, бәрінің бірдей бір затын қалдырмай түгендеп, әрлеп жасау беруге әп дегеннен шамасы келе бермейтіні рас. Бірақ, бәрі керек, бәрі дұрыс сияқты болған соң қарызданып болса да сол жасау жиналады. Ал, осылай қарызданып қыз ұзатып, ұлды үйлендіру қаншалықты орынды?

Бір-бірінен артық боламын, ерекшеленемін деп кез-келген нәрсенің сәні мен мән-мағынасын жоғалтып алмасақ болғаны. Ешкім-ешкімге еліктемей, кем қалдым демей, нақты қажет дүниемен, дәстүрге сай лайықты түрде жөн-жоралғы жасалса да той, қуаныш жақсылығы мен құндылығын жоғалтпақ емес. 

Жаңалықтар

Сенат және Мәжіліс депутаты Абзал Құспан соғыстың қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды mad...

Жаңалықтар

Ресей Днепрге шабуыл жасаған баллистикалық зымыран қырғи қабақ соғыс кезінде де қолданылған, деп хаб...