Мысырда әлемнің жетекші исламдық ЖОО-да Абай орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады

Жаңалықтар
2558

Мысырдағы «Аль-Азхар» танымал университетінде Абай Құнанбаев орталығы мен «қазақ тілі» мамандығы ашылады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елші (Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев) «Аль-Азхар» университетінде Абай орталығын ашуды және оқыту бағдарламасына «қазақ тілі» мамандығын енгізуді ұсынды. Ректор Мухаммед аль-Махрасауи бұл бастаманы оң қабылдады және өз тарапынан оның жүзеге асуына қолдау көрсететінін жеткізді», – деп хабарлады сейсенбіде ҚР СІМ Исағалиевтің аль-Махрасауимен кездесу қорытындысы бойынша.

Хабарда атап өтілгендей, бұл бағыттағы жұмыс Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірге жүргізілетін болады.

Еске салсақ, қазақстандықтар 2020 жылы мемлекеттік деңгейде ұлы қазақ ақыны, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығын атап өтуге дайындалуда.
«Аль-Азхар» университеті әлемдегі ең байырғы және ең беделді ислам ЖОО болып табылады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

4 мамырда Димаштың 2024 жылғы алғашқы жеке концерті Будапештте "Stranger" турының аясында өтті.&nbsp...

Жаңалықтар

Владимир Путин бесінші рет ресми түрде Ресей Федерациясының президенті қызметіне кірісті, деп хабарл...