Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов әнші Димаш Құдайбергенді мүшел жасымен құттықтап барды, деп хаб...
«Балаларымыз намаз оқымаса біз үшін минус»: Абай Бегейдің жары балаларына діни тәрбиетінін айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Танымал әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова балаларына діни сауаттылығына мән береді, деп хабарлады madeniportal.kz Алаш ұлттық порталына сілтеме жасап.
Әншінің жары балаларын намаз оқуға міндеттейтінін жасырмады.
«Біздің бес уақыт намазымыз бар. Ал балаларымыз намаз оқымаса ол біз үшін үлкен минус. Амионкқа мен намаз оқимын, әкең намаз оқиды деп айтып отырамын. Намаз әр адамға парыз. Тақсырға да айтамын біз үлгі болайық, діни тәрбие берейік деймін. Сымбат та намазға өзі келді. Амина мен Сымбат құран оқи алады, құран сабағына бердік. Сосын Сымбат орамал тағайын деді. Сол кезде орамалдың ойыншық емес екенін айтып түсіндірдім. Мүслім, Мариям, Ибрагим әлі кішкентай. Бірақ мұсылмандардың балабақшасына барады. Ол жақта да дұға, Алланың 99 есімін үйретеді», — деді ол.