Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында өнері мен басшылық қызметті қатар алып жүргендері баршылық. Осы...
«20 күн өтірік айттық қой»: Индира Расылхан анасына тосынсый жасады (ВИДЕО)
Сурет ашық дереккөзден алынды
Индира Расылхан анасының туған күнін тосынсый етіп, дүркіретіп атап өтті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Белгілі әнші Индира Расылхан анасының мерейтойын жасады.
«Кеше анашым Жұпаркүл 70 жасқа толды. Анашым мерей тойын атайтынымызды білмейді. 20 күн өтірік айттық қой. Соңғы айтқан өтірігім осы болды. «Ақбота Керімбекованың анасы туған күніне шақырды» деп тойханаға алып кірдім. Екеуі жан құрбы болып араласады. Бізбен бірге болыңыздар!», – деп жазды әнші.
Той кешінде Индира Расылхан бауырларымен анасына ән арнады.
«Жүректі жібіту мақсатында ең бірінші әке мен анадан кешірім сұрай алу керек екен. Біз себепті басқа жақтан іздейміз. Әке мен ананың ризалығы, олардың сен үшін шынайы дұға етуі, саған ренжімеуі. Біз қашан ренжітіп алғанымызды білмейміз. Аллаһ Тағалам әке мен аналарыңыздың арасында шынайы махаббат орнатсын. Шынайы түрде арнайы барып кешірім сұраңыздар. Ең маңызды екі адамның разылығы, Аллаһтың разылығы», – деп жазды эстрада жұлдызы.